Понедельник, 8 декабря, 2025
Новости

Мини-центр

Жамбылская ОШ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2012 жылы 1-желтоқсанда екі шағын орталық ашылды. «Балапан» және «Радуга» шағын орталықтары толық күндік жұмыс атқарып келеді.
Мекеме іші арнаулы талапқа сай жабдықталған . Педагогикалық білімі бар қызметкерлермен қамтылған.
Шағын орталықтардың негізгі мақсаты — балалардың физикалық, психикалық дамуын, жеке мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, мектепке дайындау.
Міндеттері:

  • Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау;
  • Танымдық, тілдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Әлеуметтік дағдылар мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру;
  • Мектепке психологиялық және білімдік тұрғыдан дайындау.
    Қызметі:
    Шағын орталықтарда балаларға арналған оқу, ойын, шығармашылық және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеттері өткізіледі. Тәрбиешілер мен мамандар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.